Выберите язык

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

Ұстаз – мейірімнің шыңы

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де Ұстаздар күніне орай 5 «Ә» сынып оқушылары арасында «Ұстаз – мейірімнің шыңы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.Жетекшісі: Талипова Жанар.
Ұстаз – шәкіртке білім беріп қана қоймай, оның бойына адамгершілік, мейірімділік, ізгілік пен сыйластық қасиеттерін қалыптастыратын ардақты тұлға. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға мұғалімге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, ұстаз еңбегін бағалап, алғыс айта білуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар ұстаздарға арналған жылы лебіздері мен жүрекжарды тілектерін білдіріп, өлең шумақтарын оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Тәрбие сағатын қорытынды сөзбен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан ағай аяқтап, оқушыларға жүрекжарды тілегін білдіріп, ұстаз еңбегін әрдайым бағалап, құрметтеуге шақырды.
844576163 1730852268756776 2999925526132317328 n