Ұстаздар күні – ұлағатты жандарға құрмет күні! 
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де
Ұстаздар күніне орай,
Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен мейірімнің дәнін себетін ардақты тұлға. Ұстаз еңбегін бір күнмен ғана өлшеу мүмкін емес. Дегенмен, бұл күн – жүрегіміздегі алғысымызды білдіріп, ұстаздарға ерекше құрмет көрсететін айтулы мереке.
Осы айтулы күнге орай 7 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Бекбатырқызы Ләйланың ұйымдастыруымен мектеп ұстаздарына таңғы көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік құттықтауларын жеткізді. 
Ақжарма тілектер мен шынайы ықыласқа толы бұл таң ұстаздарымызға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Оқушылар өздерінің ұстазға деген құрметі мен ризашылығын жылы лебіздері арқылы білдірді.
Ұстазға құрмет көрсету – білімге, еңбектің қадіріне, адамдыққа тағзым ету.





