Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын! 🤍

14 наурыз – Көрісу күні құтты болсын! 🤍

Бүгін ұжымымызда ұлттық дәстүрімізге сай Көрісу күні ерекше аталып өтті. Таңғы көтеріңкі көңіл күймен әріптестерімізді күтіп алып, бір-бірімізбен көрісіп, ақжарма тілектерімізді арнадық.

Түрлі түсті шариктерге жасырылған жеребелер арқылы тосын сыйлар беріліп, «Сізге хат» бөлімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ЛЕД экран арқылы қызықты сұрақ-жауап ойындары ойнатылып, барша қатысушылар белсенділік танытты.

Бұл күн – амандықтың, татулық пен бірліктің белгісі. Осындай игі шаралар ұжымымыздың ынтымағын арттыра түсті.

Шараны ұйымдастырған – үйірме жетекшілері. 🌸

Баршаңызға денсаулық, бақыт және береке тілейміз!673792127 1571314014710603 2643966326513796097 n