Тіліңізді таңдаңыз

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» тақырыбындағы эссе байқауы

«Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» тақырыбындағы эссе байқауы
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де оқушылардың ұстазға деген құрметін арттыру, мұғалім еңбегінің маңызын түсіндіру, өз ойын көркем әрі сауатты жеткізуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 5–8 сынып оқушылары арасында «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем» тақырыбында эссе жазу жұмысы ұйымдастырылды. Оқушылар өз эсселерінде ұстаздың адам өміріндегі орны, білім мен тәрбие берудегі еңбегі, өздеріне үлгі болған мұғалімдері туралы ойларын жеткізді. Шығармашылық жұмыс барысында оқушылардың жазу сауаттылығы, ой қорыту және өз пікірін еркін білдіру қабілеттері көрініс тапты.
825293065 1719271319914871 2101076145271791034 n