Тіліңізді таңдаңыз

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Ұстаздар күні – ұлағатты жандарға құрмет күні! 🌷 Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Ұстаздар күніне орай, Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен мейірімнің дәнін себетін а

Ұстаздар күні – ұлағатты жандарға құрмет күні! 🌷
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де
Ұстаздар күніне орай,
Ұстаз – білімнің шамшырағын жағып, шәкірт жүрегіне ізгілік пен мейірімнің дәнін себетін ардақты тұлға. Ұстаз еңбегін бір күнмен ғана өлшеу мүмкін емес. Дегенмен, бұл күн – жүрегіміздегі алғысымызды білдіріп, ұстаздарға ерекше құрмет көрсететін айтулы мереке.
Осы айтулы күнге орай 7 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Бекбатырқызы Ләйланың ұйымдастыруымен мектеп ұстаздарына таңғы көтеріңкі көңіл күй сыйлап, мерекелік құттықтауларын жеткізді. 💐
Ақжарма тілектер мен шынайы ықыласқа толы бұл таң ұстаздарымызға қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Оқушылар өздерінің ұстазға деген құрметі мен ризашылығын жылы лебіздері арқылы білдірді.
Ұстазға құрмет көрсету – білімге, еңбектің қадіріне, адамдыққа тағзым ету.