Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 6 ақпан – Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Отырар аудандық сайлау комиссиясының іс-шаралар жоспары негізінде 7–9 сынып оқушылары арасында тағылымды іс-шара өтті.
№515 сайлау учаскесінің төрағасы
Ж. Бимбетовтің ұйымдастыруымен оқушылар «Мен әкім болсам…», «Мен депутат болсам…» тақырыптарында эссе жазды.
Іс-шараның мақсаты:
оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, сайлау жүйесі туралы түсінігін кеңейту, ел басқаруға деген жауапкершілік сезімін арттыру.
Міндеттері:
– жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту;
– демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
– өз ойын еркін жеткізе алатын, белсенді азамат қалыптастыру.
Бұл шара жас ұрпақты ел тағдырына бейжай қарамайтын, саналы таңдау жасай білетін азамат етіп тәрбиелеуге бағытталды.






