Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Адал азамат"

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 6 "ә"- сынып оқушыларымен «Тұлғатану» үйірме жетекшісі Одаманова Жаңагүл «Ә.Бөкейханов – Алаштың ардақтысы» атты танымдық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға Әлихан Бөкейханов тұлғасының өмір жолы мен ел үшін атқарған қызметін таныстыру, оның Алаш қозғалысындағы тарихи рөлін түсіндіру. Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық, тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу. Сондай-ақ оқушыларды тұлғатану арқылы ұлт зиялыларының өнегелі өмірінен үлгі алуға, білімге құштарлық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.678729377 1576312377544100 2180143095989194894 n