Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 12.01.2026 жылы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында сынып жетекшілері жоспарға сәйкес сынып сағаттарын өткізді.1–4 сыныптарда

«Адал ұрпақ – ел болашағы»,

«Адал болу – арлы болу» тақырыптарында сынып сағаттары ұйымдастырылып, оқушыларға адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңызы түсіндірілді. 5–11 сыныптарда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаттары өтіп, оқушылармен сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, адал еңбек пен заңға құрмет туралы пікір алмасу жүргізілді.Сабақ барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, адал азамат болып қалыптасудың маңыздылығын түсінді.Осындай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың санасында адалдық пен әділдік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.615205630 1493284915846847 4016737155972665935 n