Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азам" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Дебат үйірмесі жетекшісі С.Келесованың ұйымдастыруымен мектебімізде “Адал ұрпақ – ел болашағы” тақырыбында оқушылар арасында мазмұнды пікірталас өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдерге адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, қоғамдағы өз орнын дұрыс айқындауға бағыт беру.
Пікірталас барысында оқушылар адал ұрпақ болудың маңызын талқылап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, шынайылық пен әділдікті сақтау жөніндегі өз ой-пікірлерін еркін жеткізді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастырып, азаматтық ұстанымын бекітуге үлкен үлес қосады.






