Отырар ауданы білім бөліміне қарасты"Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-де «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында педагогикалық ұжымның қатысуымен жиын өтті. Жиын барысында мектеп директоры Д Асан интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, балалардың әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары туралы айтып талқыланды. Педагогтердің негізгі
міндеттерінің бірі – өз үлгісін көрсете отырып, оқушылардың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру, олардың құндылықтары мен нормаларын дамытуға көмектесу үшін қауіпсіз және қолдаушы орта құру болып табылатыны туралы,
сондай-ақ, педагогтар оқушыларға киберқауіптердің алдын алу бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.





