Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

АХМЕТ - АУДАРМАШЫ, АХМЕТ - ТІЛШІ, АХМЕТ - ӘДЕБИЕТТАНУШЫ!!!

АХМЕТ - АУДАРМАШЫ, АХМЕТ - ТІЛШІ, АХМЕТ - ӘДЕБИЕТТАНУШЫ!!!

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Тіл - татулықтың белгісі" атты онкүндігі аясында, мектебіміздің

5 сынып оқушыларымен қазақ тілі мұғалімі Талипова Жанар "Ахмет Байтұрсынұлы - ұлт мақтанышы" атты әдеби кеш өткізді. Мақсаты: ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Әдеби кеш аясында оқушылар ақынның қырларын баяндап берді. Оқушылар А. Байтұрсынұлының "Егіннің бастары", "Кісі мен аю" деген мысалдарынан көрініс көрсетті. Ақын өлеңдері мен ана тіліміз жайлы өлең шумақтарын жатқа айта білді. Әдеби кеш жақсы деңгейде өтті. Кешімізді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетов қорытынды сөздерімен аяқтады .Сонымен "Тіл - татулықтың белгісі" атты онкүндік іс-шарамызды Ахмет Байтұрсынұлының әдеби кешімен тәмамдадық.

Возможно, это изображение 3 человека и дерево