Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Ахмет Байтурсынов-выдающийся сын казахского народа”

Түркістан облысы Отырар ауданы

білім бөліміне қарасты «Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жоспарға сәйкес 05-29 қараша аралығында өтіп жатқан

“Жас қанат” тілдер бірлестігінің айлық жоспары бойыншы 20- қараша күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мұғалімі Имбердиева Лаура 9-сынып оқушыларына ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: “Ахмет Байтурсынов-выдающийся сын казахского народа”. Тақырып Ахмет Байтурсынов-өмірі мен қалдырған мұрасы туралы. Оқушыларға ұлы ұстаздың өмір жолы мен ұрпаққа қалдырған тұғыры биік тағылымы түсіндіріледі.Ақынның білім мен еңбек жолындағы ерен еңбектерінің мәні зор екенін оқушыларға жақсы түсіндірді және Ахметтің қайтпас нақыл сөздерін тілге тиек етті және мәнін аша білді.Сонымен қатар,мәтін мен оның құрылымы бағдары ашылды,мәтінмен жұмыс толық жасалды. Сабақтың бастауы ретінде ең алдымен “Ладонь в ладонь”әдісі арқылы оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында әртүрлі қызықты сұрақтар берілді.Бұл әдіс арқылы оқушылар көңілді көтеріп,шаршауларын басып,сабақты жақсы көңіл-күймен бастады.Қатты ұнады, қызықты болды. Үй тапсырмасын сұрау бойныша “Случайное кольцо”әдісін қолданды.Яғни бұл әдістің ерекшелігі бағдарлама өзі кез келген оқушыны таңдап береді,және оқушылар бағдардың ең бірінші өзіне түсіп,түспеуін тағатсыздана күтеді.Сонымен қатар, Ахметтей атақты ақындар бойынша топқа бөлінді(қазақ-орыс достастығы) “Пушкин тобы””Ахмет тобы”болып екі топқа бөлінді..

Сабақтың бастауы ерекше Ахметтің бейнесі арқылы “Жасанды интелект” бойныша видеоматериал көрсетілді.Бұл арқылы оқушылар бүгінгі тақырыптың бастауы ұлт ұстазын көргендей сезімге бөленді.Сабақты пысықтау мақсатында “Бомба” әдісі қолданылды,бұл әдістің ерекшелігі:оқушылар сабақты қорытып,сұрақтарға жауап береді,қате жауап берсе бомба жарылады.Оқушылар сұрақтан мүдірмей өтті.Сабақты түсінгендері көрінді.“Ватсап желісі” әдісі арқылы кері байланыс жасады. Яғни сабақтан алған әсері мен пікірлерін жаңа гаджеттегі айфон парағы арқылы жазды.Сабақ өз уақытымен аяқталды.Пән мұғалімдері әріптес мұғалімдер сабаққа қорытынды , талдау жасады.