Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ананың аялы алақаны»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -де 5-сынып оқушылары «Ананың аялы алақаны» тақырыбында жүрекке жылу сыйлаған тренингке қатысты.Іс-шара «Адал азамат – біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында ұйымдастырылып, оқушыларды мейірімділікке, алғыс айтуға және отбасы құндылықтарын бағалауға бағытталды.

Тренинг барысында балалар аналарына арнап хат жазып, жүректеріндегі ең жылы сезімдерін ақ қағазға түсірді. Сонымен бірге анаға деген сүйіспеншілігін сурет арқылы бейнелеп, мейірімнің маңызын өз көзқарастарымен жеткізді.

Бұл шара оқушылардың эмоциялық мәдениетін дамытып, ананы құрметтеуге, жақынға жанашыр болуға тәрбиеледі.

Ана — өмірдің алтын өзегі, мейірімнің шуағы.

Балалардың жүрегіне жылу сыйлаған тәрбиелік шара әлі де жалғасын табады.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся, детская игрушка, сердечко и текст