Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11-сынып оқушыларымен «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар еліміздің басты құжаты –Конституцияда білім саласына берілген ерекше мән мен басымдықтар туралы кеңінен мағлұмат алды. Сонымен қатар, білімнің қоғамдағы орны, жас ұрпақтың болашағы үшін маңызы жан-жақты талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, белсенділік танытты.
Іс-шараны сынып жетекшісі Пердешова Роза ұйымдастырып, оқушылардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды жұмыс жүргізді.
Білімді ұрпақ – ел болашағы!






