Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

биология пәнінің мұғалімі: Сапарбаева Диана 8 "А" сыныбына " Тістің құрылысы мен қызметі.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де Ғаламшар бірлестігінің "Жаратылыстану сыры- ғылымда" атты айлық іс- шара барысында биология пәнінің мұғалімі: Сапарбаева Диана 8 "А" сыныбына

" Тістің құрылысы мен қызметі. Тіс гигиенасы. Асқорыту мүшелерінің қызметі" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында: оқушылар бірдей сәттілік тіледі. "Ұшу рейсі"әдісі бойынша билет алып топқа бөлінді.

1 топ Сүт тістер

2 топ Тұрақты тістер.

"Ұшақ" әдісі арқылы әр топқа ұшақта жазылған сұрақтар ұшырылды және оқушылар сұраққа жауап берді.

Жаңа сабақ: Жұмбақ жасыру арқылы басталып видеомен түсіндірілді.

Бұл сабақта оқушылар астың қалай қорытылатын және тістің күтімі мен гигиенасын толық түсініп сабақта белсенділік танытып отырды. Оқушылардан "Бұлт" әдісі арқылы кері байланыс жасалынды.

Возможно, это изображение один или несколько человек, люди учатся и текст