Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен
“Біз нашақорлыққа қарсымыз” тақырыбында 7-11 сыныптар арасында футзал турнирі өтті.
Шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортқа баулу, зиянды әдеттердің алдын алу және бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік жасау.Турнир қызу тартысты өтті. Командалар өзара ұйымшылдық, шеберлік және достық қарым-қатынастың биік үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар мен ерекше көзге түскен ойыншылар марапатталып, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйланды.
Біз – салауатты өмірді қолдаймыз!
Біз – нашақорлыққа қарсымыз!






