Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Болашақ мамандыққа жол"

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 9.12.2025 жылы мектеп психологі Адырбекова Гүлбайра 9-11 сынып оқушыларымен

"Болашақ мамандыққа жол" тренингі өткізілді. Тренинг мақсаты - оқушылардың болашақ мамандық таңдаудағы ішкі қызығушылығын оятып, қабілеттерін тануға, арман мен мақсатты нақтылауға мүмкіндік беру. Сабақ барысында арт терапия әдісі қолданылып оқушылар "Арман- Мақсаты- Қабілет" тақырыбында нейрографикалық жұмыс орындады. Оқушылар болашақ мамандыққа қатысты өз ойларын бейнелеу арқылы, ішкі ресурстарын көруге, мамандық таңдаудағы нақты ойларын айқындауға бағытталды. Сенімділік жаттығуы арқылы эмоционалдық күй тұрақталып, өзіндік сенім деңгейі артты.597634578 1465502075291798 1236269207354932829 n