«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында эстафеталық жарыс!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де жылы "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Отбасы бақыт мекені тақырыбында өтіп жатқан онкүндік барысында Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жуанышбеков Әділханның ұйымдастыруымен оқушылар арасында эстафеталық жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларды салауатты өмір салтына баулу, дене белсенділігін арттыру және спортқа деген қызығушылықтарын ояту.
Міндеттері:
Қимыл-қозғалыс арқылы денсаулықты нығайту;
Командалық рухты қалыптастыру;
Жылдамдық, төзімділік және икемділік қасиеттерін дамыту;
Жеңіске деген құлшыныс пен әділ бәсекеге үйрету.
Оқушылар үлкен белсенділікпен қатысып, бір-бірін қолдап, жарысты жоғары деңгейде өткізді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың денсаулығын жақсартып қана қоймай, оқушыларға серпін береді.
Отбасы_күні






