«ӘДЕПТІ ҚЫЗ– ӘДЕМІ ҚЫЗ»
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты
"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 16.01.2026 жылы қыздар ұйымының жоспарына сәйкес қыз балаларға арналған тәрбиелік әңгіме сабағы өтті. Іс-шараның мақсаты – қыздардың бойына әдептілік пен мәдени мінез-құлықты қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, жеке қауіпсіздікке және өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу болды.Жиын барысында құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, түнгі мезгілде көшеде жүрудің қауіптері және жеке гигиенаны сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қауіпті жағдайларды тану, өзін қорғау және сенімді адамдарға дер кезінде хабарласудың маңызы түсіндірілді.Әңгіме сабағында өмірге жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі құрметтеу, саналы таңдау жасау және болашаққа дұрыс мақсат қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтіп, қыздар өз ой-пікірлерін білдіріп, пайдалы ақпарат алды.
Әдептілік пен жауапкершілік – қыз баланың ең асыл көркі.





