Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қамқоршылық кеңесінің 2025–2026 оқу жылының
I жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстары бойынша есеп беру жиналысы өтті.
Жиналыста мектеп директоры Д.Асан сөз сөйлеп, I жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Атап айтқанда:
оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуы
оқушылардың білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар
әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көрсетілген көмек
мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары
ата-аналармен және Қамқоршылық кеңеспен бірлескен іс-шаралар туралы нақты мәліметтер берілді.
Қамқоршылық кеңес мүшелері атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім беру сапасын арттыру бағытында бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.Жиын қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, келесі кезеңге арналған жоспарлар белгіленді.






