Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ»

«ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛАЙЫҚ»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты

"Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 19.01.2026 жылы мұғалімдер мен қызметкерлерге арналған интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбында түсіндірме жиыны өтті.Жиынды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, түсіндіру тобымен құқық қорғау органдарының өкілдерін таныстырды.

Жиынға қатысқан қонақтар:

👮‍♂️ Ауылымыздың учаскелік инспекторы – полиция майоры Бимен Мақсат

👮‍♂️ Отырар АПБ ЮПТ инспекторы – полиция лейтенанты Сержан Мерей

👮‍♂️ Отырар АПБ КПБ-ның жедел уәкілі – полиция лейтенанты С. Көшен.

Кездесу барысында Отырар АПБ КПБ-ның жедел уәкілі – полиция лейтенанты С. Көшен интернет алаяқтарының қазіргі таңда жиі қолданатын әдіс-тәсілдері, телефон арқылы және әлеуметтік желілер мен интернет платформаларда жасалатын алаяқтық түрлері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс адамдарға банк картасының мәліметтерін бермеу қажеттігі ерекше атап өтілді.

Құқық қорғау органдарының өкілдері интернет алаяқтыққа байланысты қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ осындай жағдайлар орын алған кезде қайда және қалай жүгіну керектігі туралы нақты мәліметтер берді.

🔐 Интернет қауіпсіздігі – әр азаматтың жауапкершілігі!

Сақ болайық, алаяқтарға алданбайық!615716427 1495398342302171 1644136002256904070 n