"ҚАРТТАРЫН ҚАДІРЛЕГЕН ЕЛ– АРДАҚТЫ ЕЛ!"
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де
1 қазан – Қарттар күні мерекесіне орай мектебімізде ауылымыздың ардақты ата-әжелеріне арналған тағылымды шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар жүрек жарды өлеңдерін оқып, ән шырқап, ақ жаулықты аналар мен ақ сақалды аталарға ерекше құрмет көрсетті.
Бұл — өмірі өнеге, жүрегі мейірімге толы қарттарымызға деген шынайы алғыс пен ізеттің белгісі.
Қарттар – елдің шежіресі, тірегі мен тілеуі. Оларға көрсетілген құрмет – болашақ ұрпаққа үлгі.






