Тіліңізді таңдаңыз

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты «Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ -де 07.09.2026 жылы 9-11 сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың алдын алу, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына жол бермеу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.
Қатысушыларға құқықтық сауаттылықты арттыру, қауіпсіздік талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын ұстану бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
🔹 Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың негізі.
🔹 Қауіпсіз қоғам – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
799388485 1698176358691034 5355095995938962447 n