Қыз – ұлттың айнасы, инабат – оның көркі!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бүгін 19.09.2025 жылы
«Қыз инабаттылығымен әдемі – әдептілігімен сәнді» тақырыбында "Сырлас" қыздар ұйымының жоспарына сәйкес тәрбиелік мәні зор жиналыс өтті.
Бұл кездесу – жай ғана жиналыс емес, қыз болмысына үңілу, ұрпақ тәрбиесіне серпін беру, ұят пен инабатты, әдебің мен сәніңді үйлестіре білудің жолын ұғындыру болды.
Қыздар – ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы.
Сұлулық – сырт бейнеде емес, жүректе, көзқараста, әдепті қимылда.
Сән – ашық киіну емес, жарасым мен ұяттың үндесімі.
Бейнеролик, психолог кеңесі, ашық пікірталас – бәрі қыздарымыздың өз бойына қайта үңілуіне себеп болды.
Бүгін біз тәрбиенің негізін, инабаттың биігін, қыз балаға тән нәзік те, жауапты болмысты қайта еске салдық.
Инабатты, білімді, ұятты, салмақты арулар – ел болашағының кепілі!






