Тіліңізді таңдаңыз

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ»

«ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ ТӘРБИЕСІ»
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де қыз балалардың тәрбиесіне,әдептілігіне, қауіпсіздігіне және өзін-өзі ұстау мәдениетіне ерекше көңіл бөлу мақсатында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді.
Жиын барысында қыз тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелер кеңінен талқыланды.
📌 Жиналыста төмендегі мәселелер қаралды:
1️⃣ 2026–2027 оқу жылына арналған қыздар ұйымының жоспары таныстырылып, алдағы оқу жылында атқарылатын жұмыстар мен тәрбиелік іс-шаралардың бағыттары белгіленді.
2️⃣ Қыздардың мектеп ережесіне сай формасы мен киім үлгілері туралы түсіндіріліп, мектептің ішкі тәртіп талаптарын сақтау, жинақы әрі ұқыпты киіну мәдениетіне назар аударылды.
3️⃣ «Қыздар тәрбиесі – инабаттылық пен әдептіліктің үлгісі» тақырыбында қыз баланың бойындағы ізеттілік, сыпайылық, қарапайымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу сынды ұлттық құндылықтар сөз болды.
4️⃣ Интернет қауіпсіздігі және әлеуметтік желідегі этика мәселелері қарастырылып, жеке мәліметтерді қорғау, киберқауіптерден сақтану, әлеуметтік желіні дұрыс әрі мәдениетті пайдалану жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
кызт