Күз ханзадасы мен Күз ханшайымы - 2025
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында алтын түске боялған ерекше көңілді, әсем көңіл-күй сыйлаған
«Алтын күз – 2025» мерекелік кеші жоғары деңгейде өтті. Жылдың ең көркем мезгілін қарсы алуға арналған бұл шарада оқушылар шығармашылығын, өнерін, тапқырлығын және сахна мәдениетін жан-жақты көрсетті.






