"КҮЗГІ АСАР" – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ!
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де бүгін "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы "Еңбегі адал - жас өрен" жобасы аясында "Күзгі асар" жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараны өзін-өзі басқару ұйымы оқушылары мен мектеп тәлімгері Айгүл Өскенбайдың ұйымдастыруымен жүзеге асып, оқушылар мен ата-аналар белсенділік танытты.
Жәрмеңкеде әр сынып күздің молшылығын паш етіп, түрлі тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Көтеріңкі көңіл-күй мен ұйымшылдықтың үлгісіне айналған бұл шара – еңбек пен бірліктің нәтижесі.
Жиналған қаражат – сынып қажеті мен игі істерге бағытталады.Осындай шаралар оқушылардың жауапкершілігін, шығармашылығын арттырып, мектеп өмірін қызықты етеді.
Берекелі күз – берекелі болашақ кепілі!






