Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Әке – отбасының тірегі»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында 9–11 сынып оқушыларымен және әкелер ұйымының мүшелерімен тағылымды пікір алмасу жиыны өтті. Шараның басты мақсаты – әке беделін арттыру, отбасы институтының маңызын түсіндіру және жас ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбиелеу.

Жиын барысында әкелер өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі жауапкершілік, адал еңбек пен дұрыс таңдау жасаудың маңызы туралы ой қозғады. Оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты. Әсіресе, қазіргі қоғамдағы әкенің рөлі, жасөспірімдердің болашақ мамандық таңдауы, өмірлік ұстаным қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу жас буынға ой салып, әке мен бала арасындағы рухани байланысты нығайтуға ықпал етті. Осындай тағылымды шаралар өскелең ұрпақты саналы, парасатты, елжанды азамат етіп тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.641720177 1526416019200403 6281346160787119516 n