Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ұл бала – отбасының тірегі» тақырыбындағы тәрбиелік жиналыс өтті

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және Ұлдар ұйымының жоспарына сәйкес 7-11 сынып ұлдары арасында «Ұл бала – отбасының тірегі» тақырыбында маңызды тәрбиелік жиналыс ұйымдастырылды.

Жиын барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан баяндама жасап, жасөспірім ұл балалардың отбасындағы, қоғамдағы рөлі, жауапкершілігі, әдептілік пен тәртіп, ұлттық құндылықтарды сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Баяндама барысында ұл балаға тән мінез-құлық, ер азаматқа қойылатын талаптар мен болашақтағы азаматтық борышы нақты мысалдар арқылы түсіндірілді.

Сонымен қатар, Ұлдар ұйымының төрағасы, АӘД пәнінің мұғалімі Дарибаев Нурбол оқылған баяндама негізінде ұл балаларға бағыт-бағдар беріп, тәрбие мен тәртіптің маңыздылығын, отбасына тірек болар нағыз ер азамат болудың жолдарын атап өтті. Оқушылармен ашық пікір алмасу жүргізіліп, өмірлік маңызы бар тәрбиелік кеңестер берілді.

🔹 Жиналыстың мақсаты:

Ұл балалардың бойында жауапкершілік, адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ер азаматқа тән мінез-құлық нормаларын түсіндіру, отбасына, қоғамға пайдалы тұлға етіп тәрбиелеу.

🔹 Міндеттері:

– Ұл балаларға ұлттық тәрбие беру,

– Отбасы құндылықтарын құрметтеуге баулу,

-- Жауапкершілік пен тәртіпке үйрету,

– Ер азаматқа тән әдеп, мәдениет, батылдық қасиеттерін дамыту.600298245 1472000764641929 2617144532255520191 n