Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектеп бітіру кешіне байланысты

Мектеп бітіру кешіне байланысты

"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары мен ата аналарының назарына!

🔷Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады.

🔷Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады.

🔷Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады.

🔷Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады.

🔷Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады.

🔷Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді.

🔷Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

🔷Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар тапсырылды.

Мектеп директоры: Асан Дінмұхамед Қырқынбайұлы672190347 1569961694845835 8904441708641081259 n