НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың 14 қазан күні мектепте «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында 7–11 сыныптың ұл балаларымен түсіндірме және алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шараны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетов, Қоғам округінің учаскелік полиция инспекторы М.Бимен, сондай-ақ АПБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты М.Сержан қатысып жүргізді.
Кездесу барысында нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін зияны туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жасұлан Бимбетов оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, өз ортасында жағымсыз әдеттерге жол бермеуге шақырды. Сонымен қатар есірткі заттарын қолданудың құқықтық жауапкершілігі мен оның ауыр зардаптары туралы ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты М.Сержан түсіндірді.
Іс-шара соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулердің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және нашақорлықтың алдын алу болып табылады.






