Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысы

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де психологиялық қолдау орталығының кезекті отырысында психологиялық ерекше назарды қажет ететін оқушыларды анықтау және олармен түзету жұмыстарын жүргізу тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді . Жиында мектеп психологы Г.Адырбекова ерекше назардағы оқушыларға толтырылатын бақылау парағын түсіндірді , сынып жетекшілерге бірлескен жоспарлар құру , жоспармен жұмыс жүргізу процесін анықтап алуды ұсынды. Әлеуметтік педагог Л.Киізбаева өз сөзінде әр сынып бойынша осал топ оқушыларының бақылау парағын толтыру , үй аралау актісін жылына 2 рет жасау туралы айтты , сынып жетекшілер өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейге бөлу критериларымен танысып , арықарай жұмыс бағыттарын анықтап алды . Мектеп директоры Д.Асан өз сөзінде мектептегі әрбір оқушы жеке тұлға , оны ары қарай қолдап , түзетіп отыру осы ұжымның ортақ міндеті екенін айтты, жиын барысында айтылған жоспарларды тиісті тұлғалардан жыл соңында сұралатынын ескертті.Жиын соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетов сынып жетекшілерге өз сыныптары бойынша диагностика нәтижесінде анықталған жасыл, сары, қызыл деңгейге бөлу критериларымен танысып, ары қарай жұмыс бағыттарын қарқынды жүргізу керектігін тапсырды.680701879 1578683260640345 2549088390403085145 n