Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бітіруші түлектермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында бітіруші түлектермен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бимбетов Жасұлан мен мектеп инспекторы Сержан Мерей бітіруші түлектерге қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді. Кездесу барысында түнгі уақытта себепсіз көшеде жүрмеу, темекі өнімдерін пайдаланбау, қоғамдық тәртіпті бұзбау мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар, бітіру кештері кезінде мерекелік жиындарды рұқсатсыз ұйымдастырмау,көшелерде көлікпен кортеж жасамау, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Мақсат – жас түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдағы жауапкершілікті арттыру.

Әрбір түлек заң талаптарын сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұстануы тиіс.677357279 1573279054514099 5874675552168320291 n