Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Робототехника тарихы және перспективалары"

Түркістан облысы Отырар ауданы Білім бөліміне қарасты “Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2025 жылдың 20 қаңтарында “Зерде” бірлестігінің «Цифрлы әлемге - кемел біліммен» атты айлық іс-шарасы аясында информатика пәні мұғалімі Бекбатырқызы Ләйлә 5Ә сыныбына "Робототехника тарихы және перспективалары" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың психологиялық ахуалын қалыптастыру үшін "Информатикалық тілек" әдісін қолданды. "Білім роботы" әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасалып, жаңа сабақ ашылды. Оқушылар Mbot2 роботы арқылы практикалық жұмыс жасап, роботты басқаруды үйренді. Сабақ барысында "Like" әдісімен бағалау жүргізілді, ал "Бағдаршам" әдісі арқылы кері байланыс алынды. Сабақтың нәтижесінде оқушылар жаңа материалды жақсы меңгеріп, сабақ жоғары деңгейде өтті.

Возможно, это изображение 5 человек, люди учатся, детская игрушка и текстВозможно, это изображение 9 человек, люди учатся, детская игрушка, стол и больницаВозможно, это изображение 7 человек, люди учатся, детская игрушка и текст