«ҰСТАЗДЫҢ ІЗІ— ЖҮРЕКТЕ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ![]()
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ -де
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Ұстаздар мерекесіне орай ұйымдастырылған онкүндік барысында Ж.Өте мен Б.Салманның жетекшілігімен ерекше шығармашылық шара өтті.
Байқау барысында оқушылар ұстаз тұлғасына деген алғыс пен құрметтерін сурет арқылы жеткізіп, жүрек төріндегі сезімдерін қылқаламмен бейнеледі. Әрбір жұмыс – шәкірт жүрегіндегі ұстаз бейнесінің айқын көрінісі.Ұлағатты ұстаздарымызға арналған бұл шара жас ұрпақтың өнері мен ізгілігін ұштастырып, тәрбие мен шабыттың жарқын үлгісіне айналды.






