«СЫБАЙЛАС ІНДЕТ – ЖОЮ МІНДЕТ»
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 8–10 сынып оқушыларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және адалдық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында дебат үйірмесінің жетекшісі Келесов Салтанат апайдың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.Жиын барысында оқушылармен сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, адал азаматтың ұстанымдары, әділдік пен жауапкершілік құндылықтары талқыланды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақтың санасында адалдық қағидаларын нығайтуға бағытталған.





