Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты іс-шара өтті

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – бабалар аманаты» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, ел қорғаған бабалардың ерлігін ұлықтау, отансүйгіштік рухты нығайту.

Іс-шара барысында қатысушыларға Тәуелсіздікке дейінгі күрес жолы мен тарихи деректер таныстырылып, тәуелсіз елдің болашағы – білімді, рухы биік жастар екені атап өтілді.597773511 1466349831873689 5402279673419178565 n