Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Темекі – тыныстың жауы»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдер арасында зиянды әдеттердің алдын алу мақсатында «Темекі – тыныстың жауы» тақырыбында маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп медбикесі Әділбек Балауса 10-11 сынып оқушыларына арнайы баяндама оқып, темекінің адам ағзасына, әсіресе тыныс алу жүйесіне тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді. Кездесу барысында темекі түтінінің өкпеге, жүрек-қан тамырлар жүйесіне кері әсері, электронды темекінің де қауіптілігі, сондай-ақ жасөспірім шақта қалыптасқан жаман әдеттің болашақ денсаулыққа үлкен қауіп төндіретіні түсіндірілді.

Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану және зиянды әдеттерден аулақ болудың пайдасы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, темекіден бас тартудың жолдары мен оның денсаулыққа тигізетін оң әсерлері жайлы пайдалы кеңестер берілді.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, олардың саналы түрде дұрыс таңдау жасауына ықпал ету және зиянды әдеттердің алдын алу.641460107 1526809062494432 2004073569709606440 n