Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Терроризм қаупі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы жасалатын әрекеттер туралы»

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 09.12.2025 жылы «Терроризм қаупі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы жасалатын әрекеттер туралы» тақырыбында мектеп қызметкерлері және оқушылары арасында оқу жаттығу өткізілді. Оқу жаттығу барысында қатысушыларға террористік актінің қаупі туралы дұрыс хабардар ету, көшеде террористік оқиғалар орын алғанда әрекет ету кезегі, адамдар көп жиналатын жердегі жүріп тұру іс-әрекеті, арнайы операция басталғандағы, ғимаратта террористік іс-әрекеттер орын алған жағдайдағы практикалық іс-әрекеттер және жарылғыш заттар орнатылуы мүмкін орындар туралы мәліметтер беріле келе, террорлық қауіп белгісі байқалған кезде ережеге сай іс-қимылдар жасалуы қажет екендігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді..597216257 1464826655359340 4851573026139036645 n