Тіліңізді таңдаңыз

Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«ТІЛ - ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ»

«ТІЛ - ХАЛЫҚТЫҢ ЖАНЫ»
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де тілдер мерекесіне орай өткізілген онкүндікті қорытындылау мақсатында мектебімізде әдеби кеш ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, тіл тазалығын сақтау, тілдің мәртебесін көтеру.Кеш барысында қазақ,орыс және ағылшын тілдерінде өлеңдер мәнерлеп оқылып, тілдің адам өміріндегі орны мен маңызы туралы тағылымды ойлар айтылып, көрермендерге патриоттық рух сыйлайтын әсерлі өлеңдер, әндер мен күйлер ұсынылды. Домбыра үні де кештің ажарын аша түсті.
Сонымен қатар 9-сынып оқушыларының қатысуымен көрініс көрсетілді.Кеш барысында «Қазақ тілі – елдігіміздің тірегі, орыс тілі – достықтың дәнекері, ағылшын тілі – әлемдік білім мен ғылымға жол ашатын тіл» деген тағылымды ой айтылып, үш тілдің қазіргі қоғамдағы маңызы айқындалды.
Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
818855682 1709831787525491 5148275988215537844 n