Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Тіл мен тарих – ұлттың қос тірегі

Тіл мен тарих – ұлттың қос тірегі

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты

"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2026 жылғы 4–27 ақпан аралығында жоспарға сәйкес Тарих және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің «Жалын» бірлестігі ұйымдастырған айлық іс-шара «Тіл мен тарих – ұлттың қос тірегі» тақырыбында салтанатты түрде ашылды.

Айлықтың ашылуында ана тілі мен ұлттық тарихтың егіз ұғым екені, ұлттың рухани негізі екені терең мазмұнда көрініс тапты. Тағылымды көріністер мен мазмұнды ойлар қатысушыларға ерекше әсер сыйлап, ұлттық сана мен рухты оятты.

Бұл шара ұстаздар мен білім алушыларға рухани серпін беріп, алдағы өтетін танымдық, тәрбиелік бағыттағы іс-шараларға жол ашты. Айлықтың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына тілге құрмет, тарихқа тағзым сезімін қалыптастыру.

Тілі сақталған ел – тарихын сақтайды,

Тарихын таныған ұрпақ – болашағын нықтайды!

627735485 1512165010625504 2791727709744988291 n