Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Тіл тазалығы және сауатты жазу»

Түркістан облысы, Отырар ауданы

«Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің

2а–2ә сыныптар арасында көркем жазу үйірмесі өттіБүгін 2а–2ә сынып оқушылары арасында «Тіл тазалығы және сауатты жазу» тақырыбында диктант жұмысы жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, көркем жазуға баулу және ана тіліміздің тазалығын сақтауға үйрету.

Диктант барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп, әріптерді көркем әрі ұқыпты жазуға тырысты. Бұл жұмыс олардың жауапкершілігін арттырып, тілге деген құрметін нығайтты.

Қорытынды: Оқушылар тапсырманы жақсы деңгейде орындап, сауатты жазуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Алдағы уақытта да тіл тазалығын сақтап, көркем жазуды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.675960947 1571315458043792 6878361296043965533 n