Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Цифрлы әлемге - кемел біліммен»

Түркістан облысы Отырар ауданы Білім бөліміне қарасты “Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2025 жылдың 24 қаңтарында “Зерде” бірлестігінің «Цифрлы әлемге - кемел біліммен» атты айлық іс-шарасы аясында информатика пәні мұғалімі Жангирова Гүлнұр 6 сыныпқа «Тіл алфавиті. Синтаксис» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Сенің жүлдең» әдісімен басталып, топқа бөлу үшін «Flippity» бағдарламасы пайдаланылды. Үй тапсырмасын «Kahoot» бағдарламасымен оқушылар дұрыс жауап беру арқылы ұпай жинап, тапсырмаларды орындады. Жаңа сабақ технология әлеміне із қалдырған Стив Джобстың «Әрбір адам программалауды үйренуі керек, өйткені ол бізді ойлауға үйретеді» деген қанатты сөзімен басталды. Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық және жеке жұмыс арқылы теориялық білімдерін практикалық жағынан қолданды.

Сергіту сәті «Кадр» әдісімен өткізіліп, өзін-өзі бағалау «Google» әдісімен жүргізілді. Сабақтың соңында оқушылар «Алтын, күміс, қола» әдісі арқылы кері байланыс берді. Әдіс-тәсілдер тиімді қолданыла отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты, білімдері тереңдеді.

Возможно, это изображение 6 человек, люди учатся, стол и текстВозможно, это изображение 8 человек, люди учатся, детская игрушка и текст