Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

" Туындыны табу ережелері"

Түркістан облысы Отырар ауданының білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп"КММ-де 20 қаңтар 2025 жылы "Зерде" бірлестігінің айлық жоспарына сәйкес, математика пән мұғалімі Калкозова Нұрсұлу 10"ә" сынып оқушыларының " Туындыны табу ережелері" тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушыларға психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында "Досыңа тілек" әдісін қолданды. Топқа бөлуде "Молекула,атом" әдісі қолданылды.Үй тапсырмасын " Досыңды тексер" әдісі арқылы достарының үй тапсырмасын тексеріп бағалады.Жаңа сабақты "Жасанды интелект" әдісі қолданды,топтық жұмыста"QR-код" әдісі қолданылды оқушылар телефондарындағы QR пайдаланып топтасып есептер шығарды,сергіту сәтінде "Дем шығару " ойыны орнатылды. Сабақты қорытындылау мақсатында формулаларды сәйкестендіру жұмысы жасалды.Сабақтың барысында оқушылар алтын теңгемен бағалап отырды.Сабақтың нәтижесінде оқушылар тақырыпты жақсы меңгеріп, сабақ өз деңгейінде өтілді.

Возможно, это изображение 2 человека, люди учатся и текстВозможно, это изображение 6 человек, люди учатся и текстВозможно, это изображение 2 человека, люди учатся и текст