Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Уақыт дөңгелегі. Менің бір күнім»

Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» КММ 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, диагностикалық жұмыс қорытындылары негізінде «Р. Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің педагог-психологы

Г. Адырбекова 7–9 сынып оқушыларымен «Уақыт дөңгелегі. Менің бір күнім» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты: оқушыларға уақыттың құндылығын түсіндіру, өз күн тәртібін талдай білуге үйрету, уақытты тиімді жоспарлау дағдысын қалыптастыру, жауапкершілік пен өзін-өзі басқару қабілеттерін дамыту.

Тренинг барысында оқушылар «Уақыт дөңгелегі» әдісі арқылы бір күнін бөліктерге бөліп, уақытты қайда және қалай жұмсайтынын талдады. Жаттығулар мен пікір алмасу кезінде уақытты дұрыс бөлудің маңызы, бос уақытты тиімді пайдалану, мақсат қою және оны жүзеге асыру жолдары талқыланды.

Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдіріп, күн тәртібіне сын көзбен қарап, болашақта уақытты тиімді жоспарлауға бағыт алды.642868602 1531706635338008 7894146111939772990 n