Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

" ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП"

" ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП"

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де оқушылар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрметпен қарау және тәртіпті сақтау мақсатында мектебімізде «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

📌 1–4 сыныптарда

DosbolLIKE жобасы аясында «Сен және мен доспыз», «Буллингтен қорған» тақырыптарында сынып сағаттары өтіп, оқушыларға достық, өзара сыйластық, бір-біріне қолдау көрсету және буллингтің алдын алу жолдары түсіндірілді.

📌 5–8 сыныптарда

«Заңды білу – өз құқығыңды қорғау» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері, жауапкершілік, мектептегі және қоғамдағы тәртіп ережелері туралы маңызды ақпарат алды.

📌 9–11 сыныптарда

«Заң бәрімізге ортақ» тақырыбындағы сынып сағаттарында заң талаптарын сақтау, азаматтық жауапкершілік, құқық бұзушылықтың салдары туралы кеңінен айтылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығы арттырылды.

Өткізілген іс-шаралар оқушылардың заңды білуіне, тәртіпті сақтауға және саналы азамат болып қалыптасуына бағытталды.624476178 1504850514690287 3315682807810522144 n