Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Закладчики Мать» атты деректі фильм оқушыларға көрсетілді.

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында заңға құрметті қалыптастыру мақсатында прокуратура органдарының үйлестіруімен түсірілген «Закладчики Мать» атты деректі фильм оқушыларға көрсетілді.

Аталған фильм кәсіби операторлар, жүргізушілер және сценарий авторларының қатысуымен дайындалып, есірткі қылмысының қоғамға, отбасы мен болашаққа тигізер ауыр зардабын шынайы өмір мысалдары арқылы көрсетті.

Көрсетілім барысында оқушылар заңсыз әрекеттердің салдары, жауапкершілік және дұрыс өмірлік таңдау туралы терең ой түйді. Мұндай тәрбиелік іс-шаралар жас ұрпақты саналы шешім қабылдауға, заң мен тәртіпті сақтауға тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады.

625897705 1509632384212100 4644944356819476494 n