«ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ»
Жаңашыл ұстаз – жаңарған білімнің жаршысы, заманауи білім беру үдерісінің көшбасшысы.
Ұстаздар күніне орай мектебімізде «Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге» іс-шаралар жоспары аясында «Жаңашыл ұстаз» тақырыбында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды.
Бүгінгі ұстаз – тек білім беруші ғана емес, шәкірттің ізденісіне жол ашатын, жаңа технологияларды тиімді пайдаланып, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға бағыт беретін жаңашыл тұлға.
Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, үнемі ізденіп, білім берудің жаңа тәсілдерін меңгеріп жүрген барша ұстаздарға шығармашылық шабыт пен кәсіби табыс тілейміз!
Жаңашыл ұстаз – жарқын болашаққа жол сілтейтін тұлға!






