Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ.

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ.
Отырар ауданы білім бөліміне қарасты "Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 2025 жылдың қыркүйек айының 25-і күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Бимбетов пен аудандық полиция бөлімі жанындағы ювеналды полиция тобының инспекторы М.Сержан қатысты.
Түсіндіру жұмысы барысында оқушыларға жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршамның түстері мен олардың мағынасы, жол белгілерінің түрлері жайлы толық әрі түсінікті ақпарат берілді. Сонымен қатар, қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған интерактивті сұрақ-жауап түріндегі ойындар ұйымдастырылды.
Инспектор М.Сержан оқушыларға көшеде, мектеп маңында және аулада өзін-өзі қалай дұрыс ұстау керектігін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін әр бала жолда мұқият болу керектігін ескертті. Ал Ж.Бимбетов оқушылардың жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттыру мақсатында мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

https://scontent-sof1-2.xx.fbcdn.net/v/t39.30808-6/555585051_1400777538430919_2953977667644807807_n.jpg?_nc_cat=103&ccb=1-7&_nc_sid=833d8c&_nc_ohc=NFZExv6NQbUQ7kNvwF0y5tp&_nc_oc=AdmWF-JN__SFxaATMmhiGexoQ5nt4TiU1JRhpvFxCmN18xYCsbiu2Qt4sAhbVWCEMSg&_nc_zt=23&_nc_ht=scontent-sof1-2.xx&_nc_gid=gElQ1yuS4o6klKf0R-9I_Q&oh=00_AfZ9Vj6nGUdY_u2oIL1kZjIGzQ7GTMKuCQXu2X0oRlf0xQ&oe=68E12097