Ж.Жабаевтың туғанына 180 жыл
«Жыр дүлдүлі – Жамбыл Жабаев» атты танымдық сабақ
"Рахманқұл Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ-де қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай «Жыр дүлдүлі – Жамбыл Жабаев» атты танымдық сабақ ұйымдастырылып өтті.
Іс-шара мектеп тәлімгері А.Өскенбайдың тарапынан өткізіліп, ауыл округіне қарасты кітапхана меңгерушілері А.Топаева, Б.Даулетова,М.Таукебаева қатысып, өз үлестерін қосты. Танымдық сабақтың басты мақсаты – оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, ақын мұрасын насихаттау, жас ұрпақтың бойына ұлттық рух, отансүйгіштік пен адамгершілік құндылықтарды дарыту.
Шара барысында ақынның өмір жолына шолу жасалып, оқушылар жырларынан үзінділер оқыды. Жамбыл шығармаларындағы ел бірлігі, ерлік, туған жерге сүйіспеншілік тақырыптары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, кітапхана меңгерушілерінің қатысуымен ақын шығармаларына арналған көрме ұйымдастырылып, оқушыларға құнды деректер мен әдебиеттер таныстырылды.
Тағылымды кеш оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға зор әсер етті.
Ұлы ақын мұрасын ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың парызы.





